Педагогикалық кеңес / Педагогический совет » №7 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№7 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 52-29-78
Есепші:
+7 (7232) 52-29-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық кеңес / Педагогический совет
31
қазан
2023

Педагогикалық кеңес / Педагогический совет

31 қазанда директордың орынбасары Д.Д. Бокеева жетекшілігімен жүргізген «Ерекше қажеттіліктері бар балалардың табысты оқуы мен әлеуметтік бейімделуіне қолайлы жағдай жасаудағы педагогикалық ұжымның рөлі» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Айта кету керек, Динара Дусупбекованың жетекшілігімен өтіп жатқан іс-шаралар, әрқашан жүктелген мәселелерді шешуге нақты құрылымдық және стандартты емес көзқараспен ерекшеленеді. Шығармашылық мұғалімдер тобы мектептің психологиялық қызметін тарта отырып, педагогикалық кеңес мүшелерін инклюзивті білім берудің келесі кезеңі: ерекше қажеттіліктері бар балаларға жеке көзқарасты жүзеге асыру атмосферасына түсірді.

Тақырыптың өзектілігі, әсіресе, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың саны көбейіп, көптеген мұғалімдерге әдістемелік көмекті ғана емес, күнделікті сабақта дұрыс шешім қабылдауды қажет ететін қазіргі уақытта күмән тудырмайды. Шығармашылық топтық тапсырмалар үшін алуан түрлі материалдар дайындалды: еске салғыштар, әртүрлі пәндер бойынша оқу тапсырмаларының үлгілері, постер – кеңестер және т.б. Педагогикалық кеңесті дайындауға қатысқан мұғалімдер: Рахимова Н.О., Филипова Е.Б., Сейтказинова Б.М., Аргунова Н.Р. әріптестерінің дұрыс бағыттағы қызметі берілген тапсырмаларды орындауға теориялық тұрғыдан жетелеп қана қоймай, сонымен қатар топтармен үнемі және тығыз жұмыс жасап, сұрақтарға жауап беріп, бағыт-бағдар беріп отырды. 

Осылайша, мұғалімдер кеңесінің жұмысы шығармашылық және жемісті болды, бұл топ спикерлерінің сөйлеген сөздері мен ой толғауларынан көрінеді.

Мұғалімдер кеңесінің екінші бөлімінде директордың орынбасары Д.Д.Алимханова 1-тоқсанның қорытындысына талдау жасап, әр мұғалімнің білім сапасын арттырудағы жұмысын жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.

31 октября состоялся педагогический совет на тему: «Роль педколлектива в создании условий, способствующих успешному обучению и социальной адаптации детей с ООП», который подготовила и провела заместитель директора Бокеева Д. Д.. Необходимо сказать, что мероприятия, проходящие под руководством Динары Дусупбековны, всегда отличаются четкой структурированностью и нестандартностью подхода к решению поставленных задач. Творческая группа учителей с привлечением психологической службы школы погрузила участников педагогического совета в атмосферу очередного этапа инклюзивного обучения: реализация индивидуального подхода к детям с ООП.
Актуальность тематики не вызывает сомнений особенно сейчас, когда количество учащихся с особыми образовательными потребностями увеличилось, и многим педагогам нужна не только методическая помощь, но и умение принимать правильные решения каждый день во время проведения повседневных уроков.
Для творческих групповых заданий был подготовлен самый разнообразный материал: памятки, примеры учебных заданий по различным предметам, постеры – подсказки и многое другое. Педагоги, участвовавшие в подготовке педсовета: Рахимова Н. О., Филипова Е. Б. Сейтказинова Б. М., Аргунова Н. Р., - не только теоретически подвели присутствующих к выполнению поставленных заданий, но и постоянно и тесно сотрудничали с группами, отвечая на возникшие вопросы и направляя деятельность коллег в нужное русло.
Таким образом, работа педсовета была творческой и плодотворной, о чем свидетельствовали выступления спикеров групп и рефлеския.
Во второй части педсовета заместитель директора Алимханова Д. Д. проанализировала итоги 1 четверти, подчеркнув важность продолжения работы каждого педагога над повышением качества знаний.