«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ» АТТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ » №7 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№7 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 52-29-78
Есепші:
+7 (7232) 52-29-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ» АТТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ
11
қазан
2022

«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ» АТТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№7 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ-нің 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА  «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ» АТТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ 

САРАПТАМАСЫ


Пән апталығы қазанның 03.10-07.10 өтті. 

Мақсаты: 

  1. Сөйлесім әрекетінің төрт дағдысы бойынша оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
  2. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тілді құрметтеу. 
  3. Оқушылардың логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Міндеттері: 

 1Түрлі буындарда ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс – шаралар өткізу.

      2. Сөйлесім әрекетінің төрт дағдысын дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді             сабақтар мен іс-шараларда қолдану.

      3. Тілге құрмет көрсету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

03.10 Бейнепрезентация көрсету арқылы пән апталығының басталуы туралы хабарланған( жауапты Балтабаева Г.А.) , сондай-ақ мектептің инстаграмында осы бейнеролик орналастырылды және апта ішінде өткізілген іс-шаралардың фотосуреттері жарияланды.

        04.10 3 «В» сыныбы оқушылары арасында «Қызықты қазақ тілі» атты  сайыс сабағы   өткізілді. Ңс- шараның мақсаты: Айтылым, жазылым дағды-ларын дамытуға бағыттал-ған шығармашылық тап-сырмалар арқылы оқушы-лардың тарау бойынша алған білімдерін қоры-тындылау, пәнге қызығу-шылығын арттыру. 

 4 кезеңнен тұратын «Кім жылдам?» (топтастыру), «Кім көп жазады?» (сөйлем құрастыру), «Сұрақтар жаңбыры», «Жанды-жансыз таби-ғат» (шығармшылық тапсырма) сайыс барысында екі топқа бөлінген  оқушылар өздерінің «Жанды жансыз табиғат» тарауы бойынша алған білім, білік дағдыларын көрсетті. Топтық тапсырмалар барысында өзара әрекеттестікте жұмыс істей отырып, бірін-бірі оқытуға, қолдауға тырысты. Әсіресе жанды-жансыз табиғат суреттерін топтастырып, әңгімелеуде Цуканов Никита, Соколова София өздерінің  көшбасшылық қабілеттері мен сөздік қорларының молдығын көрсетсе,    тірек сөздермен сөйлем, сөз тіркестерін құрастыруда Кенжебекқызы Жан, Епифанов Глеб ойлау жүйріктігімен ерекшеленді. «Сұрақтар жаңбыры» тапсырмасын орындауда әр оқушы өзіне берілген сұраққа жауап беру арқылы тарау бойынша алған білімдерінің деңгейін анықауға, саралауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде әділқазылар шешімімен жеңімпаздар анықталды. «Алғырлар» тобы 1-орын, «Тапқырлар» тобы 2-орынды иеленіп, марапатталды.

Алдағы уақытта оқушылардың сөйлеу әрекеттері бойынша коммуникативтік дағдыларын дамытуда тілдік және сөйлеу жаттығуларын жүйелі жүргізу және жазылым дағдыларын дамыту жұмыстары жалғастырылады. 

 «Алғырлар» тобы: Цуканов Н, Третьяков Г.,Соколова С., Протопопова М, Стафеева Е, Чайковская П.

«Тапқырлар» тобы: Евсеева С, Елифанов Г, Кенжебекқызы Ж., Мартынов А., Искаова П.,Кириюшкина А.



05.10 9 сыныптар арасында«Тіл білгірлері» квест сайсы өткізілген . Шараның мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

«Тіл білгірлері» квест сайысына 9 «А, Б, В, Г» сынып оқушылары қатысты. Сайыс бес айналымнан тұрды. Сайыстың жалпы кезеңдері: 

1-айналым: «Біліміңді тексер»

2-айналым: «Шатасқан әріптер»

3-айналым: «Грамматикалық арифметика»

4-айналым: «Тапқыр болсаң тауып көр»

5-айналым: «Ойлы болсаң озып көр»

Сайыстың жалпы баллы: 30 балл.

Оқушыларға бағыт-бағдар парағы таратылып, сайыстың мақсаты түсіндірілді. Барлық сынып оқушылары үзілістер кезіңде бағыт- бағдар парақтарымен мектеп дәлізіндегі конверттегі тапсырмаларды тауып орындады.

Оқушылардың нәтижелері келесі критерий бойынша бағаланды: 

І орын - 30-28 балл

ІІ орын – 27-25 балл

ІІІ орын – 24-22 балл

Сайыс соңында оқушылар тәтті сыйлықтармен және грамотамен марапатталды.

І орын – 9 Б сынып

ІІ орын – 9 А сынып

ІІІ орын – 9 В, Г сыныптары

Сайысты өткізген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: Кабылканова Е. А., Касымканова С.О., Балтабаева Г.А.



05.10 5 В сынып арасында «Өссе тілім, менде бірге өссемін» ойын сайысы өткізілген.

Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы    достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.

«Өссе тілім менде бірге өсемін» ойын  сайысы 5 «В» сынып оқушылары қатысты. Сайыс бес айналымнан тұрды. Сайыстың жалпы кезеңдері: 

1-айналым: «Ойлы болсаң, озып көр»

2-айналым: «Білімпаздар»

3-айналым: «Сен білесің бе?»»

4-айналым: «Кім жылдам»

5-айналым: «Әріптер» ойыны

Сайыстың жалпы баллы: 25 балл.

Оқушыларға бағыт-бағдар парағы таратылып, сайыстың мақсаты түсіндірілді. Барлық сынып оқушылары үзілістер кезіңде бағыт- бағдар парақтарымен мектеп дәлізіндегі конверттегі тапсырмаларды тауып орындады.

Оқушылардың нәтижелері келесі критерий бойынша бағаланды: 

І орын - 25-19 балл

ІІ орын – 18-16 балл

Сайыс соңында оқушылар тәтті сыйлықтармен және грамотамен марапатталды.

І орын – ІІ топ «Тапқырлар»

ІІ орын – І топ «Алғырлар»

Сайысты өткізген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: Жельменева Г.К.  Зулкәрәмова А.Ғ.




 Қазақ тілі мен апталығы аясында «Тіл – ұлттың жаны» атты сайысы 06.10. жылы 7 сынып оқушылары арасында өткізілді. Сайыстың мақсаты: Оқушыларды ізденуге дағдыландыру,сөздік қорын молайту, көпшілік алдында көп сөйлеуге, өз пікірін жеткізе білуге ынталандыру,сайыс барысында оқушылардың ауызша ой-өрісін дамыту,туған тілін сүюге,қадірлеуге,мақтан етуге тәрбиелеу.Сайысқа 2 топ қатысты. Топ ойыншылары сайыстың басында өздерін таныстырып, сайыстың мақсаты және кезеңдері туралы мәлімет алды. Оқушылар сайыс барысында барлық кезеңге белсенді қатысты. Пәнге деген қызығушылықтарын көрсетті, жеңіске деген ынта-жігерлері байқалды. Сайыс бойынша кездескен қиыншылықтар: оқушылардың сөздік қорының жетіспеушілігі, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін жете білмеуі, топ арасында бір-бірінің жауаптарын тыңдамауы. Сайысты өткізген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: Муратбаева А.Ш., Баякбаева Т.К



8 сыныптар арасында 06.10 «Менің тілім-асыл қазынам» квест ойыны өткізілген.  Квест ойыны 8 «А, Б, Г,Д» сынып оқушылары қатысты. Сайыс бес айналымнан тұрды. Сайыстың жалпы кезеңдері: 

1-айналым: «Ойна да,ойла»

2-айналым: «Адасқан әріптер»

3-айналым: «Ойлан,тап»

4-айналым: «Жасырынды сандар»

5-айналым: «Ребусты шеш»

6-айналым: «Қате жазылған сөздерді тап»

Сайыстың жалпы баллы: 35 балл.

Оқушыларға бағыт-бағдар парағы таратылып, сайыстың мақсаты түсіндірілді. Барлық сынып оқушылары   конверттегі тапсырмаларды тауып орындады.

Оқушылардың нәтижелері келесі критерий бойынша бағаланды: 

І орын - 35-33балл

ІІ орын – 32- 30балл

ІІІ орын – 29-27 балл

Сайыс соңында оқушылар сетификаттармен марапатталды.

Сайысты өткізген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: Раханова Л.К.,Нурхманова Г.С.



07.10 10 «А» сыныбында   «Жұлдызды  сәт»   интеллектуалды  ойыны өтті. Сайысты өткізген: Бокеева Д.Д, Шараның мақсаты: 1.Оқушылардың  жалпы   білім  деңгейін, тілдік  және танымдық   білімдерін  қадағалау, жеңімпаз  топты  анықтау.   2. Оқушылардың  өздігінен  ойлау   және  танымдық  қабілеттерін   дамыту, білімге  құштарлығын, белсенділіктерін  арттыру.  3. Оқушылардың  өз  біліміне  деген    сенімділігін  нығайту, өзін – өзі  бағалай  білуге, қиындықтарды  жеңе   білуге  тәрбиелеу.

Жарыс  3 кезеңнен   тұрды. Тапсырмалар  ұпаймен  есептелінді. Көп  жинаған   топ «Жеңімпаз»  атанады. Жарысқа  3 топ  қатысты.   

Ойын   шарты:

І тур – «Бәйге»

Топ  мүшелері   негізгі  пәндер  бойынша   берілген  сұрақтарға    жауап   берулері  тиіс. Әр  дұрыс   жауап  1 ұпаймен  бағаланды.

II тур «Дода-Көкпар». 

Әр бөлімде 10-нан 50-ге дейін ұпаймен жеңілден қиынға арналған сұрақтар беріледі. Топтар ұпай бойынша сұрақтарды таңдап, жауап береді. Тапсырмалар бөлімдері: Грамматика ,Сөздік қоры,Лексика.  

III тур.«Шешендер».  Әр команда Отандық өнімге жарнама жасайды. Дескрипторлар берілген. 

  1. Өнім атауы, құрамы
  2. Нақты ақпарат        
  3. Оқылуы, рәсімдеуі
  4. Орыны, телефоны, мекен-жайы
  5. Қатысушылары 

Ойын қызықты да танымды болды. Оқушылардың қызығушылықтары мол, белсенділіктері өте жоғары, жауапкершіліктері зор болды. 3 топ   мүшелері  де  ойын   барысында  көрсеткен  танымдық   жоғары  білім  деңгейлері   мен  белсенділіктері  үшін   мақтау  қағаздарымен  марапатталды.   Оқушылардың білім деңгейі, ойлау қабілеттері дамытылды, үй тапсырмасы арқылы сөйлеу тілдері жақсы жаттықтырылғаны көрінді. Шара өз мақсаттарына жетті.  



  «Білгірлер» сайысы 07.10. жылы   6 «Г» сынып оқушылары арасында өткізілді. Бұл шара  балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін іске асыруға, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыруға  бағытталған.

Байқау аясында қатысушылар қазақ тіліне қатысты мақал-мәтелдерді аяқтау, сұрақтарға жауап беру,  ребустар шешу сияқты тапсырмаларды орындады.

 Сайыстың   мақсаты:                         

Мақсаты: 1. Қазақ тілі пәнінен алған білімдерін бақылау, тереңдету, жетілдіру, қалыптастыру; ой-өрістерін  кеңейту 

2.  Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру. Сөйлеу тілдерін  және танымдық қабілеттерін  дамыту

3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу; тілге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін артт

Байқаудың әділқазылар алқасы  ұстаздар қауымынан құралды:

  1. Нурхманова Г.С.
  2. Бокеева Д.Д.

3.       Кабылканова Е. А.

Әділқазылар алқасына бағалау парағы алдын-ала ұсынылды.

Қатысушылар алдын-ала қойылған  талаптартармен, ойынның ережесімен танысты:

 І.Деректеме -Визитка

       Топтар өздерін синквейн арқылы таныстырды

ІІ. «Қоржындағы асықтар». Топтар қоржындағы асықтарды кезекпен алып, асықтың нөмірі бойынша сұрақтарға жауап берді.

ІІІ. «Сандар сөйлейді»
 16 желтоқсан 1991 жыл-  Тәуелсіздік күні
 21 тамыз 1991 жыл –       Семей полигоны жабылды.
 4 маусым 1992 жыл -       Мемлекеттік рәміздер қабылданды.
 15 қараша 1993 жыл-       Ұлттық валюта қабылданды.
 30 тамыз 1995 жыл –        Конституция күні
 ІV.« Сен –маған, мен-саған» 

Әр топ бір-бірлеріне 3сұрақтан қояды

Сергіту сәті:

 «Кім шапшаң?» Бір сөзден кім көп сөз шығарар екен?

«Желтоқсан»  сөзінен бірнеше сөздер шығар.

VІ. «Ұйқасын тап»  

Тапсырмаларды орындауға бөлінген уақыт шектеулі ( әр сұраққа 3-5 минут). Қатысушылар  қоржындағы асықтарды кезекпен таңдайды. сұрақтарға дұрыс, нақты жауап береді. 

1.Шара белгіленген уақытта басталып, белгіленген уақытта аяқталды.

2.Шараның өту барысында  ойыншылар өз білімдерін көрсете алды.

3. Тапсырмалар    ойыншылар үшін қызықты болды.

3.Жанкүйерлерге   қосымша жұмбақтар, ребустар шешуге берілді.

Шара бойынша болған кемшіліктер:

1.Оқушылар жауабы нақты, толық болмады

2.Кейбір оқушылар күрделі сұрақтар мен грамматикалық тапсырмалардан жауап беруге қиынсынды.

Қорытындылау және марапаттау: Оқушылар бұл шараға қызығушылықпен қатысты. 

Әділқазылар берілген бағалау парағы бойынша ойыншылардың жауабын бағалады. Жеңімпаздар ұпайлардың жалпы санымен анықталды. Ұпай саны бойынша   әділқазылар алқасы мынандай шешім шығарды: Нәтижелері :

І орын – «Сұңқар» тобы

II орын – « Тұлпар» тобы

Топтар мадақтама қағаздармен марапатталды 

Шараны өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері : Жакиянова Ж.М., Алимханова Д.Д.




07.10.2022 жылы 8-сыныптар арасында «Тіл –баға жетпес мұра» қашықтықарқылыөткізілген викториналық байқау өткізілді. Іс-шараға жауапты  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Капенова А.Е.

1.Жалпы ереже:

 1.1. Осы Ереже «Тіл –баға жетпес мұра» қазақ тілінде қашықтықтан викторинаны ұйымдастыру мен өткізудің шарттарын анықтайды және дарынды балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін іске асыруға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

1.2. Байқау –  тіл мерекесі  күніне арналған викториналық қашықтық арқылы  өтетін сайыс ісшара. Байқау аясында қатысушыларға тест тапсырмаларын орындайды.

1.3. Байқау ұйымдастырушысы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің 8- сынып мұғалімдері.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: 

2.1 Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында интеллектуалды қабілеті жоғары және қазақ тілін оқыту саласындағы өзіндік танымдық іс-әрекетке қызығушылығы бар балаларды анықтау;

2.2. Өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау;

2.3 Әр ұлттың тілін құрметтеуге тәрбиелеу.




            Сайысқа қатысушылар сайыстың шарттары мен бағалау критерийлерімен таныстырылды. 

Яғни, жеңімпаздар ұпайлардың жалпы санымен анықталды. Ұпайлар тең болған жағдайда қатысушылар орынды бөліседі.

Нәтижелері бойынша марапаттау материалы:

І орын - қатысушылар арасындағы ең көп ұпай саны, бірақ 60 баллдан кем емес.

II орын - максималды ұпай санынан кейінгі екінші нәтиже, бірақ 56-54 ұпайдан кем емес.

III орын - максималды ұпай санынан кейінгі үшінші нәтиже, бірақ 52-50 ұпайдан кем емес.

Викторина қашықтан өткізілді. Қатысушыларға әр түрлі қиындықтағы 30 сұрақтан құралған тест тапсырмасы ұсынылды, әрқайсысы 2 баллдан тұратын бір дұрыс жауап. Максималды балл - 60 балл.


Қатысушылардың жауаптарына қойылатын талаптар:

Қатысушы тапсырмаларды орындауға бөлінген уақыт шектеулі (40 минут) болды.Байқаудың мақсаты орындалды,  оқушыларға   кызықты болды деген ойдамын. Барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды.Байқаудың қортындысы бойынша:

            Байқауға 8- сыныптар арасында  18 оқушы   қатысып, 1 оқушы 1 орын, 1 оқушы   2 орын,  3 оқушы 3 орынға ие болды. 

1-орын – 8 “В” сынып оқушысы Боровикова Валерия;

2-орын – 8 “В” сынып оқушысы Буллер Вероника, Долгопятова Алина; 

3-орын – 8 “В” сынып оқушысы Абрамова Ангелина, 

                8 «В»   Килымканова Зере;

                8 «А» сынып оқушысы Жүрсіңханова Наргиза. 

Барлық жоспарланған іс- шаралар уақытында өткізілді .