Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің пәндік әдістемелік апталығының талдауы » №7 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№7 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 52-29-78
Есепші:
+7 (7232) 52-29-78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің пәндік әдістемелік апталығының талдауы
15
қазан
2021

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің пәндік әдістемелік апталығының талдауы

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің 

пәндік әдістемелік апталығының талдауы

Пән апталығының тақырыбы: «Тілдің мерейі – елдің мерейі»

Эпиграф:        

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым,дара тілім.

М.Жұмабаев.

Апталықтың мақсаты: 

оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру

  1. мемлекеттік тілді құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету
  2. оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін және ой – өрісін дамыту, тіл құдіретін таныту

Міндеттері: 

1. Түрлі буындарда ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс – шаралар өткізу

2. Жаңартылған білім мазмұны аясында түрлі әдіс –тәсілдерді сабақтарда, іс-шараларда   қолдану

3. Тілге құрмет көрсету, достыққа, бірлікке тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.


«Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің  пәндік апталық жоспары


Іс – шара атауы

Мұғалімнің аты - жөні 

Сыныбы

Күні

Өтілетін орны

Уақыты

Түрі

«Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты  пән апталығының ашылуы

Кабылканова Е.А.

Капенова А.Е.


Барлық сыныптар 



11.10.21ж

дәліз

8.00

видеопрезентация

«Қазақ тілін білесің бе?»

Нурхманова Г.С.

11.10.21ж.

17

13.25

викторина

«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» 

Ибрагимова С.С.

10

12.10.21ж

35

12.25

викторина

«Өз ойыным»

Жакиянова Ж.М.

12.10.21ж

36

10.40

Зияткерлік сайыс

«Тілге құрмет – елге құрмет»

Айтамбаева С.Т.

6

13.10.21ж

21

12.00

Ойын - сайыс

«Менің ең жақын досым»

Зүлкәрәмова А.Ғ.

14.10.21ж

17

 13.15

Ашық сабақ

«Тіл – татулық тірегі»

Алимханова Д.Д.

14.10.21ж

 24

11.40

Ойын - сайыс

«Жұлдызды сәт»

Бөкеева Д.Д.

9 «А» сынып

14.10.21ж

32

10.40

Зияткерлік ойын

«Білгірлер додасы»

Жельменева Г.К.

14.10.21ж

17

12.25

Ойын - сайыс

«Мен тілімді сүйемін»

Раханова Л.К..

15.10.21ж

28

13.25

квест



Бекітілген жоспарға сәйкес барлық іс – шаралар өз белгіленген уақыттарында өтті. Барлық іс – шара өз деңгейінде сынып ерекшеліктерін ескере отырып өткізілді. Шараларға бекітілген пән мұғалімдері сапалы дайындалып, оқушылармен түрлі жұмыстар атқарды. Түрлі буындарда ашық сабақ пен қызықты сыныптан тыс іс – шаралар өткізілді. Барлық іс – шаралар оқушылардың білім деңгейін көрсетіп, сонымен қатар пәнге деген құрметі мен қызығушылықтарын танытты. 

Жакиянова Ж.М. 5 «А» сыныбында «Өз ойыным» сайысын  өткізді. Бұл шара  балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін іске асыруға, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыруға  бағытталған.

Байқау аясында қатысушылар қазақ тіліне қатысты мақал-мәтелдерді аяқтау, сұрақтарға жауап беру, «Тілдік бағдар» бойынша білімдерін тексеріп,   ребустар шешу сияқты тапсырмаларды орындады. Оқушылар бұл шараға қызығушылықпен қатысты. 

Әділқазылар берілген бағалау парағы бойынша ойыншылардың жауабын бағалады. Жеңімпаздар ұпайлардың жалпы санымен анықталды. Ұпай саны бойынша  әділқазылар алқасы мынандай шешім шығарды: 

Нәтижелері :

І орын – Кузнецов Руслан (110 ұпай)

II орын –  Мицуков Артем (100 ұпай)

III орын – Калюжный Демид ( 95 ұпай)

Әр оқушы  мадақтама қағаздармен марапатталды

«Білгірлер додасы» атты ойын - сайысын 4 «Г» сыныбымен Жельменева Г.К. өткізді. Байқау барысында  қатысушылар қазақ тіліне қатысты суреттер арқылы сөзжұмбақтарды шешу, сұрақтарға жауап беру, берліген сөздермен сөз тіркесін құрастыру. Адасқан әріптер ойыны арқылы  сөздердің дұрыстығын жазу сынды тапсырмаларды орындады. Ойыншылар   үш топқа  бөлініп, сайысты : «Білгірлер» тобы ,«Тапқырлар» тобы және «Алғырлар» тобы. Шара барысында оқушылар бұл ойынға  қызығушылықпен қатысты. Әділқазылар ойыншылардың жауабын бағалап, ұпай саны бойынша мынандай шешім шығарды: 

І орын «Тапқырлар» тобы

ІІ орын «Алғырлар» тобы

ІІІ орын «Білгірлер» тобы

Әр топ мадақтама қағазбен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.


Келесі іс – шара 2 «А» сыныбында өткен «Менің ең жақын досым» атты тақырыпта  ашық сабақ. Сабақты жүргізген Зүлкәрамова А.Ғ. Сабақтың басында психологиялық ахуал тудырып, үй тапсырмасы тексерілді. Жаңа тақырыпты меңгертуде видеоматериалдар, суреттер қолданылды. Болжау әдісі арқылы тақырыпты болжап, жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып, қайталау жұмысын жргізді.  Мәтін алды тапсырмасын гүлдер тәсілі арқылы орындатқызды. Мәтінмен жұмыс орыдалды. Кезектеп оқыту қолданылды. Мәтіннің аудармасы жасалды. Кейін жұмыс дәптерлерімен жұмыс жасалды. Қажетті сөздерді қойып жазды. Тақырыпты футбол әдісі арқылы бекітті. Әрбір тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау орын алды. Кері байланыс бағдаршам  арқылы жасалды. Оқушыларды бағалап, үй тапсырмасы берілді. Сабақ соныңда оқушылар марапатталды. Сабақтың соңында оқушылар ең адал достарының атын атап, достарының қандай екенін айта алды. Тәуелдік жалғауларын жалғай білді. Сабақ өз мақсатына жетті. 

Кезекті шараны «Тіл-татулық тірегі» атты ойын-сайыс ретінде Алимханова Д.Д.  өткізді. 

            Аталған іс-шараның  мақсаты  мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, тілімізді сүюге, оқушылардың мемлекеттік тілді қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу болды. 

5-сынып оқушылары бірінен-бірі өткен білімді, тапқыр әрі өнерлі болып шықты. Оқушылар тіл туралы өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа айта отырып, әнмен шашу шашып, мемлекеттік тілге деген мақтанышын көрсетті.Сайыс соңында бірлесіп қара жорға биін билеп аяқтады.

«Қазақ тілі-мемлекеттік тіл»  атты викторина 10 «Б» сыныбында Ибрагимова Светлана Сеелкановнаның басшылығымен өтті. Сайыс 6 турдан тұрды:

I - «Сәлем - сөздің басы»

ІІ- «Сөз жұмбақ шешу»

IIІ - « Кім жылдам?»

IV- «Тапқыр болсаң - тауып көр»

V - «Қызықты ұйқастар»

Викторинаны өткізуде ойын технологиясының элементтері қолданылды. Оқушылардың жас ерекшеліктері де ескерілді. Осы сияқты іс-шараларды өткізу оқушылардың әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктерін дамытуға, мемлекеттік тілді меңгеруге, тілдерін арттыруға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі. Викторинаны өткізу барысында  кемшіліктерде де орын алды. Атап айтқанда, ақпараттық технология толық қолданылмады . Іс-шараны одан да жоғар деңгейде өткізуіне негіз болатын музыкалық сүйемелдеу болған жоқ.

Пән апталығы аясында өткізілген барлық іс – шаралар өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Оқушылар  білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты. Жағымды жақтарымен қатар жағымсыз тұстары да орын алып жатты. Сол себепті шараның басында алдын – ала барлық техникалық жабдықтарды тексеріп алған жөн деп ойлаймын.