Көктемгі демалыс/Весенние каникулы
«Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасының «Еңбекқорлық және кәсіпқойлық» бағытын іске асыру аясында және көктемгі демалыс кезінде 3 «Г» сыныбының оқушылары «Каравай» нан зауытына экскурсия жасады. Экскурсия барысында балалар әртүрлі нан-тоқаш өнімдерінің қалай дайындалатынын көріп, қамыр илеу және пісіру үдерістерімен танысты. Сондай-ақ, олар нан пісіруге қандай ингредиенттер қолданылатынын, пеште қандай процестер жүретінін біліп, дәмді әрі хош иісті нанның қалай пайда болатынын көрді.