2023 жылғы 1 қарашада Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың шақыруымен елімізге Франция Президенті Эммануэль Макрон ресми сапармен келді.
Кездесу нәтижесінде екі елдің Үкіметтері арасында Қазақстанда халықаралық (француз) мектептерін ашу және білім беру ұйымдарында француз тілін оқыту бойынша келісімге қол қойылды.
Бұл сөз жоқ, отандық білім беру саласының даму бағытында тағы бір қадам жасауы. Біздің педагогтеріміз үшін тәжірибе алмасу мен кәсіби өсу мүмкіндігі.
Француз мектептерін ашу Қазақстан мен Франция арасындағы білім, мәдениет, тіл білу бойынша ынтымақтастықтың жаңа факторы болады. Мектептерде француз тілінде оқытуға басымдық беріледі, сондай-ақ, мұндай білім беру ұйымдарында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде де оқытылады.
Оқу процесіне ҚР ГОСО оқу бағдарламалары бойынша міндетті пәндер (қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы мен географиясы) енгізіледі. Біздің балаларымыз француз тілін кәсіби игеріп, оны болашақта іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алады.
Қазақстанда француз мектептерінің ашылуы және мектептерде француз тілінде сабақ беру туралы жаңалық мені педагог ретінде шын қуантты. Бұл кәсіби дамудың, тәжірибе мен білімімізді бөлісудің мүмкіндігі деп білемін.
Бұл мектептерді тәмамдаған түлектер үшін еуропалық кеңістіктегі жоғары оқу орындарының есіктері айқара ашылады. Бұл отандық еңбек нарығы үшін кәсіби мықты мамандады даярлаудың тиімді мүмкіндігі.
Жалпы алғанда, тілдік даму біім беруді жаңғыртудың негізгі мақсатына қол жеткізуге жол ашады. Бұл оқудың сапасын жақсарту, ақпараттық кеңістікте қолжетімділікті арттыру. Әсіресе, қазіргі жаһандық дәуірінде басқа да мәдениет, ұлт өкілдерімен қарым-қатынас орната алатын өскелең ұрпақты тәрбиелейтін тетіктерді, тиімді жолдарды табу процесін толықтай белсендендіру қажет.
1 ноября 2023 года по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева нашу страну с официальным визитом посетил Президент Франции Эммануэль Макрон. По итогам подписано Соглашение между Правительствами двух стран о создании международных (французских) школ в Казахстане и преподавании французского языка в организациях образования.
Несомненно, это еще один шаг в развитии отечественного образования. Возможность обмена опытом и профессионального роста для наших педагогов.
Создание французских школ станет важным фактором сотрудничества между Казахстаном и Францией в области образования, культуры и языкознания. Занятия в школах будут проводиться преимущественно на французском языке, а также на казахском, русском и английском языках. Обязательными предметами образовательного процесса будут также учебные программы по ГОСО РК (казахский язык и литература, история и география Казахстана). Наши ребята смогут профессионально обучаться французскому языку, а в дальнейшем применять их на практике.
Новость об открытии французских школ и развитии французского языка в Казахстане порадовала меня, как учителя, ведь это хорошая возможность для профессионального развития, обмена опытом и навыками.
Для выпускников этих школ открывается доступ в высшие учебные заведения европейского пространства – это наращивание профессиональных сильных кадров для нашего рынка.
В целом, языковое развитие способствует достижению основной цели модернизации образования – улучшению качества обучения, увеличению доступности в информационном пространстве. Особенно в век глобализации необходима полная активизация процесса поиска эффективных условий, механизмов воспитания подрастающего поколения, способного к диалогу с другими культурами.

